23 там, 2022 сағат 16:46

Қазақстанда магистратура грантын иеленгендердің тізімі жарияланды


Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға гранттар тағайындау конкурсының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін 2022-2023 оқу жылына магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінгені хабарланған еді.

Ең көп грант педагогикалық мамандықтарға берілген – 3 642. 3 429 грант машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласына, 1 278 грант жаратылыстану, математика және статистика саласына, 1 233 грант ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, 527 грант ауыл шаруашылығы мен биоресурстарға бөлінген.

Еске салайық, 10 тамызда бакалавриатқа оқуға түсуге арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланған болатын.