Қазақстанда күн жылынады. "Қазгидромет" синоптиктері 16-18 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Метеорологтардың болжамы бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі.
"Сондай-ақ, антициклонның таралуымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 15 наурыздағы Қазақстандағы ауа райын айтқан болатын. Бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Олар: Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.