19 қыр, 2022 сағат 12:03

Қазақстанда күн жылиды


Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы 23-30 градусқа дейін жылиды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы қалыптасты. Түнгі уақытта әлі де салқын болғанымен, күн біртіндеп ауаны жылытып, күндіз термометр бағаналары бүкіл Қазақстан бойынша, 23-30 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы күтіледі, өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі", - делінген хабарламада.