"Қазгидромет" синоптиктері 30 сәуірге және 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Демалыс және мереке күндері күн суық болады. 1 мамырда тағы бір суық антициклон ел аумағына басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстырады. Суықтың көп бөлігі солтүстік өңірге тиесілі болады, мұнда термометр бағаны түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді", - деп мәлімдеді "Қазгидромет".
Мамандар бұл жолы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында күн жылы, бірақ жауын-шашын болатынын айтты.