"Қазгидромет" РМК орталығы 30 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.
"1 шілдеде шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы болажанады", - делінген хабарламада.