17 қыр, 2019 сағат 07:25

Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК 17-19 қыркүйекке арналған ауа рай болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, мұнда жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды. Тек батыс облыстарында Ресейдің жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді» - делінген хабарламада.