ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде қанша адам КВИ-ге қарсы вакцина алғанын нақтылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Орталық коммуникациялар қызметінде осы уақытқа дейін қанша адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынғаны сұралды.
«Қазіргі кезде 22 мың адам вакцина алды», - деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова өңірлерге вакцинаның екінші партиясын жеткізу жүріп жатқанына, жалпы медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасып жатқанын айтты.
«Педагогтарды вакциналау да басталды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша 458 педагокқа екпе жасалды», - деді Айжан Есмағамбетова.
Бұдан бөлек қазіргі кезде ол күш құрылымдарының 275 қызметкеріне вакцина жасалғанын нақтылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады.