Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап.
«14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп жолағының ені белгіленді, есеп маршруттары (галстар) жоспарланды. Бүгін, 15 сәуірде Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алғашқы ұшу басталды», - деп жазды қауымдастық Facebook парақшасында.
Ұйымның хабарлауынша, есеп жүргізу үшін екі топ жұмыс істейді: біреуі — Бетпақдала популяциясында, екіншісі — Орал және Үстірт популяцияларында. Есеп кезінде 200-ге жуық ұшу сағаты жоспарланған.
«Әуе есебі жыл сайын киіктің барлық үш популяциясында өткізіледі. 2020 жылы карантин шектеулеріне байланысты әуе есебі тоқтатылды. Бұл жұмысты ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ ұйымдастырады. ҚБСА қызметкерлері мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп есепке алуға тікелей қатысады және санның қорытынды есебін қамтитын жұмыстың ғылыми компонентін қамтамасыз етеді», - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы.