21 ақп, 2023 сағат 11:30

Қазақстанда картоп экспорты 18,5 пайызға өсті

© Public Domain

Қазақстанда картоп өндірісі өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

"Былтыр картоптың жалпы көлемі 4,1 миллион тонна болды. 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Ауылшаруашылық кәсіпорындары 588 мың тонна картоп өндірсе, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары - 1,5 миллион тонна картоп алған. Картоп өнімімен қоса, экспорты да 18,5%-ке өскен.

"Өткен жылдың қаңтар - қараша айларында экспортқа 194,8 мың тонна картоп жіберілді, ал 2021 жылы 164,3 мың тонна экспортталды", - деп атап өтті бюро.

Көкөніс импорты азайған. Егер 2021 жылы 97,6 мың тонна картоп импортталса, 2022 жылы Қазақстанға шетелден 47,3 мың тонна көкөніс әкелінген.

Айта кетері, 2022 жылы картоптың жалпы егістік алқабы 198,8 мың гектарды құрады.