02 ақп, 2018 сағат 11:24

Қазақстанда қар жауып, күн суытады - синоптиктер

Қазақстанда 3-5 ақпан күндері қар жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын циклон және соған байланысты ауа ағындары белгілейді. Республиканың біршама облысында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшейіп, елдің оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар тағы да күннің суытқанын сезінеді. Тек батыс өңірлерде жылы ауа райы сақталып, температура климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады. Қазақстанның қалған аумағында алдағы бірнеше күнде ауа температурасы нормаға жуық болады.