Қазақстанда қанша автокөлік бар екендігі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, елімізде барлық типтегі 4 566 198 көлік пен тіркеме бар. Олардың 3 755 890 данасы немесе 82,2 пайызы - жеңіл автокөліктер. 446 475 ауыр жүк көліктері болса, 241 259 тіркеме мен жартылай тіркеме, 63 058 мототехника мен 59 516 автобус бар. Көбінесе автокөліктер елдің оңтүстік-шығысында шоғырланған.
«Жалпы, көліктер мен тіркемелердің қолданыстағы жылы 20 жылдан асып кеткен (2 485 161). 10 мен 20 жыл аралығындағы көліктердің саны 959 263. Сонымен бірге, 1 миллионға тарта көліктің жасы 3 пен 10 жыл аралығында. Үш жылға дейінгі көліктердің саны 176 661 авто», - делінген хабарламада.
Көлік маркалары бойынша Қазақстанда ең көп көліктердің көшін ВАЗ/Lada (757 960 дана) бастап тұр. Аталған көліктерді пайдаланғанына 20 жылдан астам уақыт өтіп кеткен. Ал екінші орындағы Toyota маркалы көліктердің саны 487 453 авто. Сондай-ақ, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға Германиядан миллионға тарта көлік жеткізілген. Ең көп кездесетін неміс бренді Volkswagen. Аталған марка бойынша Қазақстанда 294 мың көлік бар.
Одан кейінгі орындарда Audi – 224 мың авто мен Mercedes-Benz (190 мың) орналасқан.