22 шіл, 2022 сағат 17:34

Қазақстанда қандай жағдайда Ashyq қайтарылуы мүмкін?


Коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өткен өңірлерде Ashyq қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қатаң карантин енгізу мәселесі қандай да бір өзгеріс жағдайында қаралады. Бірақ бүгінде тек Нұр-Сұлтан ғана "сары" аймақта орналасқан. Өңір "сары" аймақта тұрған кезеңде бизнеске жүктемесі бар қандай да бір қатаң шектеу іс-шараларын енгізу көзделмеген. Бірақ "қызыл" аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі енгізілуі мүмкін", - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Оның айтуынша, шектеу іс-шараларын екі кезеңде енгізу көзделіп отыр.

"Бірақ бұл іс-шаралар ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланып жатыр. Шешім ВАК-та қарау нәтижелері бойынша қабылданады", - деп түйіндеді ол.