Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек интернеті ең нашар өңірлерді атап, бұл мәселе қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ең нашар интернет - Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Сарыарқа Қарағанды облысын, Ақтөбе облысының бір бөлігін қамтиды. Интернетті жеткізу өте қиын, өйткені жер бедерінде проблемалар бар. Шығыс Қазақстан облысында да солай. Ол жерде тау бар, өздеріңіз де білесіздер", - деді ол.
Ол бұл өңірлер мен шалғай ауылдарға интернет геостационария емес байланыс спутниктері арқылы жеткізілетінін түсіндірді.
"OneWeb, Starlink-ті білесіздер... Осы спутниктер шалғай аудандарға сапалы интернет жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Оразбек.