31 шіл, 2022 сағат 19:27

Қазақстанда ертең ауа райы қандай болады?

Фото: Tengrinews.kz

1 шілдедегі ауа райына байланысты еліміздің он бір облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз найзағай болады.

Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде оңтүстікте найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін, облыстың шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде облыс орталығында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғып, найзағай болады.

Павлодарда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Қостанайда 1 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Абай ауданының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, облыстың шығысында секундына 15-20 метр жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде шығыста, облыс орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында найзағай күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында және шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15 метр.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.