Brand Analytics алғаш рет Қазақстандағы 2021 жылдың ақпанында ақпараттарына әлеуметтік медиада ең көп сілтеме жасалған БАҚ рейтингін ұсынды.
Медиарейтингтің үздік 30 ақпарат құралының қатарына жаңалықтар агенттіктері, желілік басылымдар, газеттер мен телеарна өкілдіктері, сондай-ақ өңірлік және спорт саласында жазатын бұқаралық ақпарат құралдары енді. Зерттеу кезеңі: 1.02 – 28.02. 2021.
Бұл туралы Brand Analytics хабарлады.
Жарияланған рейтингте БАҚ-тың танымалдылығы назарға алынды. Жаңалық желі қолданушысына қызық болса, ол оны желілерде белсенді түрде бөлісе бастайды. Әлеуметтік желілерде материалдың сілтемесін жариялайды, форумдарда немесе UGC-ресурстарда оны талқылайды.
Жел қолданушыларының белгілі бір дереккөздің жарияланымдарына деген қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік медиа оған соғұрлым көбірек сілтеме жасайды.
2021 жылғы ақпанда Қазақстан аумағында COVID-19 вирусына қарсы вакциналау және «Спутник V» вакцинасын қолдану тақырыбы басты назарда болды.
Үздік 30 БАҚ-тың көшін жаңалықтардан басқа заңнама, заңтану және қаржы мәселелеріне мамандандырылған Zakon.kz сайты бастады. Екінші орында елдегі және шетелдегі саяси-экономикалық оқиғалар мен жаңалықтарды баяндайтын ҚазАқпарат ақпарат агенттігі тұр. Үшінші орынға Қазақстандағы Sputnik жаңалықтар агенттігі жайғасты.
«Әлеуметтік медиада көп сілтеме жасалатын қазақстандық үздік 30 БАҚ» рейтингіне қатысушылар бірлесіп 2021 жылғы ақпанда әлеуметтік медиада қазақ және орыс тілдеріндегі пайдаланушылардың хабарламаларынан 800 мыңнан астам сілтеме алды. Сілтемелердің жартысы БАҚ-тың алғашқы бестігіне тиесілі.
Қазақстанның БАҚ рейтингісінің құрылымы:
11 онлайн-басылым
7 жаңалық агенттігі, 6 телеарна, газет пен радионың онлайн-өкілдігі
4 өңірлік басылым
2 спорт порталы
Үздік 30 БАҚ 2021 жылдың ақпанындағы «Топ-100 виралды орыс тілді медиаресурстарға» кірді: ҚазАқпарат, Zakon.kz, Sports.kz, Tengri News, Inbusiness.kz, Sputnik Қазақстан, Қазақстан жаңалықтары. Бұл БАҚ-тың Қазақстан тұрғындары арасында ғана емес, сондай-ақ елден тыс жерлерде де жақсы танымал екенін көрсетеді.