Қазақстанда мемлекеттік аумақтық электр стансасында өрт шыққаны туралы ақпарат жалған. Мұндай мәліметті Төтенше жағдайлар министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде мемлекеттік аумақтық электр стансасында өрт шыққаны туралы бейнежазба тарады.
Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты тексеріп, еліміз бойынша ондай деректің тіркелмегендігін хабарлайды.
Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Қазақстан аумағындағы барлық мемлекеттік аудандық электр станциялары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.