Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда екі жаңа мереке күні енгізілмек. Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысы дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Мерекелер тізіміне екі жаңа күн енгізу ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг органдарының күні - 28 қаңтар;
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған, ол 2022 жылғы 28 желтоқсанына дейін талқыланады.