29 қаз, 2021 сағат 17:07

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?


«Қазгидромет» РМК 30 қазан мен 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Демалыс күндері Қазақстан аумағына Солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Бұл циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі, желдің күшеюі, солтүстік облыстарда жаяу бұрқасын және көктайғақ, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі байқалады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.