19 там, 2020 сағат 11:30

Қазақстанда бастауыш сыныптың 60%- і мектепте оқиды

Қазақстан 2020-2021 оқу жылында бар мектеп жаңартылған білім беру мазмұнына толығымен көшті. Бұл жайында білім және ғылым министрлігі хабарлады, - дeп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жұмыстары толық аяқталды.

Биыл Қазақстанда жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл оқушының шамамен 75 проценті – 6 жастан асқан балалар. Сонымен қатар 2020 жылдың соңына дейін 11 мыңға жуық бала алтыға толады.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемияға байланысты елімізде мектептерде кезекші сыныптар ашылды. Ол жерде 1-4 сынып оқушылары оқитын болады. Бір сыныпта 15 оқушы ғана отырады. Ата-аналар тарапынан өтініш түсіп, бастауыш сынып оқушыларының 60 проценті кезекші сыныптарда оқитын болды.

Қазақстанда республика бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Соның 3 мыңға жуығында 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастады. Себебі бұл шалғайда орналасқан шағын жинақталған мектептер. Бұл мектептерде 180 мыңнан бастам бала бар. Ал қай мектептің дәстүрлі форматқа оқуға көшетінін әр өңірдің санитарлық дәрігерлері қабылдайтын болады.

Айта кетейік, биыл екі жарым миллионнан астам оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқу форматында бастады. Олар отандық білім беру платформасын пайдаланып оқитын болады. Сонымен қатар отандық "Балапан" және "Ел Арна" арқылы телесабақтар көрсетіледі.

Ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері де сабақты қашықтан бастайды. Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында 3,3 миллион қазақстандық оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады. Ал бұл білімгерлердің қандай форматта білім алатынын әр өңірдің санитар дәрігерлері шешеді. Ал сабақ қашықтан бастайтын білімгерлер эпидемиологиялық талаптарды сақтауы қажет.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринованың айтуынша, бастауыш сынып оқушыларының 60 проценті мектепте оқиды. Ал республика бойынша оқушылардың 80%-ке жуығы жаңа оқы жылын қашықтан оқыту форматында бастады.

Ал жаңа оқу жылында білім күніне арнайы сынып жетекшілері оқушылар үшін сынып сағатын өткізді. Сонымен қатар 352 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барды. Жұмыс істейтін ата-аналардың өтініші ескеріліп, бастауыш сыныптар мен мектепке дейінгі даярлық сыныптары үшін кезекші сыныптар ашылды.

Биыл 2 миллион 600 оқушы қашықтан оқып жатыр, техникалық құрылғымен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасып жатыр. Осы мақсатта оқушыларға 435 мың компьютер, планшет, ноутбук таратылған. Он бесінші қыркүйекке дейін тағы 250 мың техникалық құрылғы үлестіріледі.

Айта кетейік, оқушылар үшін "Балапан" және "Ел арна" телеарналарында онлайн сабақтар көрсетіледі. Сабақтардың кестесі білім және ғылым министрлігінің ресми сайттарында жарияланып отырады.