15 там, 2022 сағат 12:20

Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі күтіледі


"Қазгидромет" синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, аптаның ортасы - 18 тамызда температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Жалпы республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • батыста түнде + 15 +28 градус, күндіз +30 +40 градус,
  • солтүстік-батыста түнде +3 +12 градус, күндіз +15 +25 градус,
  • солтүстікте түнде +2 +7 градус, күндіз +12 +17 градус,
  • орталықта түнде +3 +12 градус, күндіз +13 +23 градус,
  • шығыста түнде +2 +11 градус, күндіз +12 +20 градус,
  • елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 +18 градус,
  • таулы аудандарда + 3 +8 градус болжанып отыр.