16 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Нан күні» аталып өтті. Бұл атаулы күн 2019 жылғы 16 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Осыған орай «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты базасында салтанатты іс-шара өтті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Марат Оразаев құттықтау сөз сөйлеп, нан комбинатының еңбеккерлерін марапаттады.
Жыл сайын республиканың 700-720 мың тонна нан өндіріледі, бұл өз өндірісі есебінен елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер экспортының көлемі 11,7 мың тоннаны, импорт - 75,7 мың тоннаны құрады. Жалпы, 2018 жылы 800,8 мың тонна нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер тұтынылды, импорт үлесі – ішкі тұтынудың жалпы көлемінің 9,4%-ы.
Нан өндірушілер халықтың нанға деген сұранысын қанағаттандырумен ғана емес, сонымен қатар нарықта сұраныстың болуына байланысты шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтумен де айналысады: бұл негізінен нан-тоқаш, ұзақ және аз мерзімге сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер.
АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде нан өндірушілер) үшін мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көзделіп отыр:
- айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі оны теңгемен жылдық 5 % (бес) % - ға, негізгі құралдарды сатып алуға-теңгемен жылдық 10% (он) % - ға төмендету жолымен субсидияланады. Субсидияларды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген;
- нан өндіруге есептелген ҚҚС сомасын 70% - ға азайту.
Сондай-ақ, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесіне субсидиялаумен несиеленетін бағыттар тізіміне «нан өндірісін» енгізу мәселесі қарастырылуда.