Қазақстанда 24-26 қаңтар күндер аралығында қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының ауытқулары бір-бірімен тез ауысып отырған циклон және антициклондарға байланысты болады.
«Ал циклон жүйесіне кіретін атмосфералық ағындар мұнда қар жауып, бұрқасын болуына, батыс жақтан қатты желдің соғуына әкеліп соқтырады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмеуде, алайда атмосфералық ағындар бұл жерде де қар аралас жаңбырдың жаууына себеп болып, таулы аймақтарда қалың қар түсіп, көктайғақ болып, тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.