Алдағы үш күнде, 18-20 қаңтар аралығына Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының әсері байқалады. Нәтижесінде қар жаумайды, бірақ тұман түсіп, аяз күшейеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Казгидрометке сілтеме жасап.
19 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасы: - Батыста түнде 10-15 градус суық, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде минус 8-13 градус. - Солтүстікте түнгі температура 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 шамасында суық күтіледі. - Қазақстанның орталығында түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз күтіледі. Күндізгі температура - 7-12, кей жерлерде 16 градус суық.- Шығыста түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяз. - Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус суық күтіледі.Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты көпжылдыө көрсеткішке жуық деңгейде ауа температурасының қысқа мерзімдік жоғарылауы күтіледі.
19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт болғанмен қар жаумайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 20-22 градусқа төмендейді, күндіз 13-15 градус суық.
Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, кейде тұман күтіледі. Жел 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, минус 2 градус болады.