Қазгидромет синоптиктері 31 наурыз – 2 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Елдің солтүстік өңірлеріне қыс алып келген циклонның орнын батыс антициклоны басады. Соған байланысты қиыр батыс және солтүстік өңірлерді қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын тоқтайды.
Сондай-ақ антициклонға байланысты еліміздің барлық аумағында ауа температурасы көтеріліп, қазақстандықтар нағыз көктемді сезінеді.
Республиканың батысында термометр бағаны +10+20 градусқа, солтүстік, шығыс өңірлерде +5+13 градусқа, оңтүстікте +15+23 градусқа жетеді.