04 нау, 2021 сағат 17:05

9 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанда 9 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавлда ертең боран соғады. Оңтүстік-батыстан тұрған желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

5 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Жезқазғанда ертең түнде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

5 наурызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 

Өскеменде ертең боран соғады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде ертең бұрқасын соғады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Ертең түнде және таңтертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

5 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

5 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

5 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

5 наурызда Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ертең күндіз Атырау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.