Қазақстанда 40 градус аптап болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстіктегі жекелеген аудандарда құмды дауыл болады.
"Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте - 30-35 градусқа дейін, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста - 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте - 35-40 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.