19 там, 2019 сағат 13:16

Қазақстанда 2 млн тонна астық бастырылды

Биылғы жылдың 19 тамызындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда 2 млн 25,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, есептік кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 1 млн 39,3 мың гектар өнім жинаған немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 38,7% орылған. Орташа өнімділік гектарына 19,5 центнерді құрады.

2018 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 923,3 мың гектар, яғни 35,8% алқаптың егіні орылып, 1 млн 665,7 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құраған.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Қазақстанда астық жинау науқанының қорытындысына сәйкес, өңірдің 15 млн 59,7 мың га алқаптың егіні орылып, 22 млн 810 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құрады.