05 сәу, 2021 сағат 17:06

Қазақстан жерді ғарыштан бақылайтын спутниктер шығарады

Елімізде жерді ғарыштан қадағалайтын спутниктер құрастырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Ғарыш саласындағы екінші бағыт – жерді қашықтықтан зондтау. Қазір ол бірнеше салада қолданылып отыр. Мысалы, былтыр 1 млн га пайдаланылмай жатқан жер осы технологияның көмегімен белгілі болды. Сондай-ақ, 217 заңсыз ағаш кесу фактісін, 4 млн га өрт ошағын, 9 мыңнан астам заңсыз қоқыс орнын анықтадық. Мұның бәрі спутниктік технологиялар арқылы анықталады. 60 млрд теңгеге салынған зауытта жерді қашықтықтан зондтауға бағдарланған спутниктер шығаратын боламыз. Осы бағытта дамуға мүмкіндік бар», - деді Бағдат Мусин.