13 шіл, 2022 сағат 20:35

Қазақстан университеттерінде оқу ақысы көтеріле ме: Министр жауап берді

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңа оқу жылында еліміздегі ЖОО-ларда оқу ақысы көтеріле ме деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына бірнеше фактор әсер етеді.

"Ақылы білім бағасы - көпті толғандыратын мәселе. Бірнеше жоғары оқу орны, атап айтқанда батыс өңірдегілер бағаны көтерген. Біріншіден, бұл - жекеменшік университеттер. Екіншіден, бірнеше жыл бұрын оқу ақысын көтеруге мораторий жарияланған болатын.

Енді ол күшін жойған соң бірқатар университет оқу ақысын көтере бастады. Осы ретте біз қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалды назарға аламыз", - деді ол.

Сонымен қатар министр мемлекеттік және ұлттық университеттерде оқу ақысы көтерілмейді деп сендірді.

"Мемлекеттік және ұлттық университеттердегі оқу ақысы өткен оқу жылының деңгейінде қалады. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі.