20 жел, 2021 сағат 16:50

Қазақстан университеттерінде оқитын шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті


Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті. Әсіресе алыс шетелден келген білім алушылардың саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтары Қазақстанға білім алу мақсатында келетін мемлекеттердің географиясы айтарлықтай кеңейді: АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсімі байқалады. 

Жалпы, білім алушылардың басым бөлігі (64%) ТМД елдерінен келген.

«Қазақстандық университеттер түрлі халықаралық білім беру көрмелеріне белсенді қатысуда. Мәселен, осы жылдың қараша айында Бішкек (Қырғызстан) және Ташкент (Өзбекстан) қалаларында «Қазақстанның білім күндері» ұйымдастырылды. Осылайша, өзге елдердің азаматтары біздің жоғары оқу орындарымыз туралы білетін болады. Сонымен қатар университеттеріміз шетелдік студенттерге арнайы білім гранттарын бөледі», – деп атап өтті ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.