20 қаң, 2022 сағат 14:27

Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлемде 70-орында тұр


Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлем елдерінің рейтингінде 70-орында тұр. Еnergyprom.kz жазуынша, елдегі әр 10 мың адамға 40-қа жуық әскери адам келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем елдерінің Қарулы күштер құрамындағы тұрақты әскер саны бойынша 2021 жылғы рейтингі белгілі болды. 

Қазақстан 166 елдің ішінде 70 орында тұр. Рейтингтегі мәлімет бойынша, Қазақстан Қарулы күштерінің тұрақты әскер саны – 39 мың. 

Қарулы Күштерге жатпайтын әскерилендірілген құрылымдарда 31,5 мың адам жұмыс істейді. 

Осылайша, Қазақстанда 70,5 мың әскери адам жұмыс істейді деген сөз. Яғни, елдің 10 мың тұрғынына 38 адамнан келеді.

ТМД елдерінің арасында Қазақстанның алдында Ресей (5 орын), Украина (21 орын), Әзірбайжан (41 орын), Өзбекстан (63 орын), Беларусь (64 орын), Армения (66 орын) жоғары тұр.

Ал Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова мемлекеттері Қазақстаннан төмен тұр.

2021 жылдың үшінші тоқсанындағы дерек бойынша, мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтіндер саны 483,2 мың адам болған. Бұл былтырғыдан 1,9% аз.

Мемлекеттік басқару мен қорғаныста еңбек ететіндер әсіресе Алматы облысында (72,9 мың адам), Шығыс Қазақстан облысы мен ел астанасында көп шоғырланған.

Ал Маңғыстау облысы бұл көрсеткіш бойынша ең соңғы сатыда тұр.