#
#
Сенбі 04/07/2020

Қазақстан теміржолдағы контейнер жүгі бойынша Қытай мен Еуропаны жалғайтын елге айналды

  • 04.06.2020
  • 0
  • 182

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев еліміздің теміржолдағы контейнер жүгі бойынша Қытай мен Еуропаны жалғайтын негізгі мемлекетке айналғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жол» компаниясы да шектеу шараларының салмақты ықпалын бастан өткерді. Жолаушылар пойыздарын тоқтатуға мәжбүр болдық. Мұндай шектеу шаралары тарихымызда осы күнге дейін болған емес. Өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында компанияның даму келешегін талқылаған едік. Нақты нәтиже де болды», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысында.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев компанияның өткен жылғы көрсеткіші туралы айтып берді.

«Негізгі контейнерлік бағдарларға тоқтала кетейін. Себебі бұл – тарифтен тыс негізгі кірісті әкеп отырған сала. Негізгі табыс бұрынғыша Қытай – Еуропа бағытынан келеді. Негізгі үш бағыт бар. Біріншісі Моңғолия арқылы, екіншісі таза Ресей арқылы, үшіншісі Қазақстан арқылы өтеді. Біз транзиттің ауқымын кеңейтіп, 4 айдың ішінде осы үш бағдардың ішінде үлесімізді 91 пайызға жеткіздік. Бізде бұл бағыттағы өсім 50 пайызды көрсетті», - деді ол.

Сауат Мыңбаев сонымен қатар Қытайдан Орта Азияға келетін транзит те едәуір артқанын айтып өтті.

«Оңтүстік Кавказ бағытындағы транзит өскен жоқ. Әзербайжан мен Грузия елдеріне шектеу шараларына байланысты транзит азайды», - деді ол.

Осы тұсқа келгенде Елбасы алдағы уақытта осы Әзербайжан мен Грузия елдері бағыты әлеуетке ие болуы керектігін ескертті.

«Біз осы мақсатта Түркия, Грузия, Әзербайжан елдерімен ауқымды жұмыстарды жүргіздік», - деді Елбасы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар