ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның іскер топ өкілдерімен өткен дөңгелек үстелден кейін осы елдің ірі компанияларының басшылары – «Samsung Electronics» компаниясының президенті Ин Ёнг Ли және «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен екіжақты кездесулер өткізді.
Қазақстан Президенті Ин Ёнг Лимен кездесуде «Samsung Electronics» компаниясының цифрлық инновациялар саласында әлемдегі жетекші орында екенін атап өтіп, цифрландыру, инновация мен ғылым арқылы технологиялық даму туралы мәселелерге тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары «ақылды қалалар» жүйесін енгізу екенін айтып, Қазақстан көлік қатынастарын басқару, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, деректерді қашықтан жіберу технологияларын енгізуге мүдделі деді.


Осы мақсатта жуық арада 3-4 гигаватт электр энергиясына жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан сіздердің ұсыныстарыңыз біз үшін өте пайдалы болады, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның энергетикалық жобалардағы көп жылдық тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып, оларды қазақстандық жылу-энергия орталықтарын жаңғырту және «Қарабатан» кешенін кеңейту бойынша ынтымақтастыққа шақырды.

Өз кезегінде, корейлік компания өкілі баламалы энергия көздері бойынша ортақ жобаларда жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
