Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.
