11 мау, 2021 сағат 21:32

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті


2021 жылғы 7-11 маусымда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды.

Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында жоспарланған.