08 мау, 2019 сағат 12:19

Қазақстан Н-145М әскери тікұшақтарын құрастырады

Қазақстан Н-145М әскери тікұшақтарын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қарулану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция комиссиясының VIII отырысында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әскери тікұшақтар «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС базасында шығарылады. Бұған дейін Қазақстанда, тіпті Орталық Азия елдерінде әскери тікұшақ шығарылған емес.

Отырыста ҚР Қарулы Күштері және үшінші елдер үшін де қару мен әскери техниканың перспективалы түрлерін өндіруге технологиялар трансферті мен инвестицияларды арттыруға басты назар аударылды.

Отырыста ҚР Қарулы Күштері және үшінші елдер үшін де қару мен әскери техниканың перспективалы түрлерін өндіруге технологиялар трансферті мен инвестицияларды арттыруға басты назар аударылды.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Талғат Жанжүменовтің төрағалығымен өткен комиссия жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдары және қорғаныс саласындағы кәсіпорындарының өкілдері, Францияның Nexter, Safran, Thales, Airbus сынды оннан астам қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Француз делегациясын Франция Қарулы күштері министрлігінің өкілі, қарулану генерал-инженері Тома Лерн бастап келді.

Екі күнге созылған жұмыстың нәтижесінде Safran компаниясымен Ресей және Еуропа тікұшақтары үшін шолу жүйелерін құрастыру, СУ-30СМ тікұшақтарына арналған авиациялық электроникалар өндірісін ұйымдастыру және оларға сервис қызметтерін көрсету туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Тараптар әскери-техникалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, өзара инвестицияларды тартуға келісіп, хаттамаға қол қойды.

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС - Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2011 жылы құрылған бірлескен кәсіпорын. Тікұшақтарды құрастыру жобасы паритеттік негізде іске асырылады: оның басында «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Airbus Helicopters» зауыты тұр. Бірлескен кәсіпорынның мақсаты - өңір елдерінің тікұшақ техникасына деген сұранысын қамтамасыз ету.