05 мау, 2021 сағат 12:10

Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі


Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі.
«Осылайша, рейстер 10 маусымнан бастап Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасында аптасына 1 рейс жиілігімен «LOT Polish Airlines« поляк әуе компаниясымен қайта жаңғыртылады деп жоспарланып отыр. 
Варшава – Нұр-Сұлтан – Варшава бірінші рейсі осы жылдың 10 маусымында орындалады. Бұдан әрі екі мемлекеттің астаналары арасындағы рейстер дүйсенбі сайын B – 737 типті әуе кемесінде орындалатын болады», делінген хабарламада.
Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жасалады.