Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады, деп хабарлады бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Телефон арқылы сұхбат 27 шілденің кешінде Қазақстан тарапынан бастамасы бойынша жүргізілді.
Қазақстан мысырлық биліктен жас азаматтардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр, деді Қайрат Әбдірахманов. Ұстап алынғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.
С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.
Сондай-ақ, министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың даму барысын талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мысырда 6 студенттің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат жарияланды. Кейінірек студенттердің Мысырдың құқық қорғау органында болғандығы анықталды. Осыған байланысты Қазақстанның Мысыр еліндегі елшілігі осы оқиғаға байланысты ресми жауап талап етті. Сондай-ақ Қазақстан мен Мысырдың Сыртқы істер министрлері кездесетіндігі айтылған болатын.