#
#
Жексенбі 12/07/2020

Қазақстан мен Моңғолия сотталғандарды өзара беруге уағдаласты

  • 26.05.2020
  • 0
  • 191

Қазақстан мен Моңғолия Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты, – деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Луасан Баттулга 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстанның елордасында жасалған Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты. Осы Шарттың 21-бабының 1-тармағына сәйкес, ол ратификациялау грамоталарымен алмасқан күннен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді», - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, COVID-19 індеті төңірегіндегі ахуал тұрақталғаннан кейін бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге уағдаласқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар