25 қыр, 2020 сағат 12:06

Қазақстан мен Әзербайжан медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтты

Қазақстанның Ұлттық курорттық қауымдастығы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінің қолдауымен денсаулық сақтау саласында екіжақты байланысты одан әрі дамыту мақсатында Әзербайжан елінің А.Караев атындағы физиология институты және Нахичеван автономдық республикасындағы «Дуздаг» Физиологиялық орталығымен ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Меморандум мақсаты – медициналық туризм, санаторлық-шипажайлық емдеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жаңа медициналық-биологиялық және биомедициналық зерттеулер саласында тәжірибе алмасу, сауықтыру саласында бірлескен жобалар мен тренинг бағдарламаларын өткізу. 

Бұдан басқа, қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Әзербайжан арасында екі елдің шипажайларына емдеу-сауықтыру процедурасына баратын туристер ағынының көбеюіне септігін тигізеді.