Бүгін, 5-тамыз күні екіжақты келіссөздер нәтижесі бойынша өткізілген баспасөз конференциясында түрік журналистерінің сауалына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы түрік лицейлерінің жұмысын Қазақстан мен Түркия білім беру министрліктері мамандарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы тексеретінін мәлімдеді. КТЛ 100 пайыз Қазақстан меншігіндегі мектептер. Соған қарамастан, бұл мектептерді Түркияның тексеруіне жол болсын...
ҚР Президенті түрік әріптесінің көңілін қалдырғысы келмеген болу керек. Бірақ мұндай әрекет екінші бір мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғу болып табылады. Өз басыма мүлде ұнаған жоқ. Бұл не сонда? Қазақстандағы түрік мектептерін Ердоган тексерсе, орыс мектептерін Путин тексерсе, өзбек мектептерін И.Кәрімов тексерсе, ұйғыр мектептерін Си Цзиньпин тексерсе, біздің еліміздің Тәуелсіздігі қайда қалады?
Ертеңгі күні Ердоған өзіне ұнамайтын бірдеме тауып алып, біздің мектептердің бағдарламасын өзгерт десе, немесе ана мұғалімді жұмыстан шығар десе - не дейміз? Сөз жоқ, біз Түркияны жақсы көреміз. Бірақ өз еліндегі былықтарын былай қойғанда, Ердоғанның жүгенсіздігі туысқан елдердің қарым-қатынасына ойысып бара жатқаны ойлантады.
Марат Тоқашбаевтың фэйсбуктағы парақшасынан