Бүгін, 10 ақпанда елордада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open-2021 турнирі жалауын көтерді. Алғашқы ойында Қазақстан және Беларусь құрамалары кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетейік, дүбірлі дода тұңғыш мәрте рет өткізілуде. Онда Қазақстан, Ресей, Беларусь құрамалары өзара бақ сынайды.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Алғашқы екі кезеңде қарсыластар қақпасына төрт шайба соғып кетті.
Бірінші кезеңнің 8-минутында Егор Петухов мергендігімен көзге түссе, арада он секунд өткенде Павел Акользин есепті ұлғайттты.
Екінші кезеңде алдымен Кирилл Панюков 29-минутта қақпаны дәл көздесе, 38-минутта Әлихан Әсетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Үшінші кезеңде Беларусь құрамасынан Иван Дроздов 47, Евгений Ногачев 48-минутта қазақстандықтар қақпасына қос шайба соғып кетті.
Ал 49-минутта оған Кирилл Панюков бір шайбамен жауап берді.
Осылайша Қазақстан құрамасы Беларусьті 5:2 есебімен басым түсті.
Енді Қазақстан құрамасы 12 ақпанда Ресеймен кездеседі.
Ал 11 ақпанда Қазақстан мен Ресей құрамалары шеберлік байқасады.