24 қыр, 2020 сағат 09:07

«Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл - 25 игі іс» видео-курсының онлайн таныстырылымы өтті

20 қыркүйекте ZOOM платформасында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл - 25 игі іс» атты видеолекция курсының таныстырылымы өтті. Алматы облыстық орыс этномәдени орталығы «Жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және этномәдени бірлестіктер арасында қазақстандық патриотизмді дамыту» жобасын «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің» қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантты шеңберінде жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы Владимир Божко қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде этномәдени бірлестіктер үшін мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті. Пандемия жағдайында бірегейлікті сақтау, әсіресе жастар арасында айрықша маңызды.

Бейне дәрістер кейсін құру бойынша шығармашылық топтың жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының профессоры, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Н.Калашникова басты тақырып Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, оның қалыптасу тарихы, полиэтникалық Қазақстанның дамуы, этносаралық қатынастар саласындағы перспективалы тенденцияларды жалпылау екенін атап өтті.

Дәріс тақырыптары – ҚХА-ның және оның инфрақұрылымының негізгі кезеңдері: «ҚХА (1995-2020 жж.): Бастауы және перспективалы тенденциялар»;  «Абай - Қазақстанның ұлттық бренді»;  «ҚХА-ның жобалары, қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту» - 2 бөлім;  «Қайырымдылық және этникалық волонтерлік: ЭКО үшін инклюзивті мүмкіндіктер»;  «Ұлттық сананы нығайтудағы кафедралар мен ҚХА кафедралары қауымдастығының рөлі».

Дәрістер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мемлекет құру мен оны дамытудағы рөлін көрсетеді. Сондай-ақ Президент Қ.Тоқаев «Ұлт бірлігі - оның әралуандығы» қағидаты бойынша жүргізген Қазақстан қоғамын одан әрі жаңғыртудың заманауи бағытын айқындайды.

«Үш негізгі бағытта дәрістер оқылады. Біріншісі - имидждік жоба, бұл команданың мемлекет, саяси жүйеде және қоғамдық қызметтегі реформалардың белсенді қатысушысы болып табылатын конституциялық орган ретіндегі ҚХА-ның 25 жылдық тарихындағы негізгі кезеңдер мен тректерді бейнелеуге қосқан үлесі. Екіншіден, этномәдени бірлестіктердің, ұлттық мәселелерді шешуге этномәдени қоғамдастықтың белсенді араласуымен Қазақстандағы қоғамдық келісімді, консолидация мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мен нығайту жөніндегі этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам институттарының миссиясын көрсету. Үшіншіден, осы бейне дәрістердің ғылыми, білім беру және тәрбиелік қызметі, оның көмегімен білім беру бағдарламаларын, ғылыми мазмұнын, әлеуметтік маңызы бар жобаларды кеңейтуге және әртараптандыруға болады. Жастарды қамтуға мүмкіндіктер көп. Бұл бейбітшілік пен жасампаздық идеясын, оның ішінде аймақтық деңгейде зерттеу мен тәжірибеден өткізудің орасан зор мүмкіндігі», - деп атап өтті контент жасаушылар.

Әзірлеушілердің шығармашылық тобы - бастамашылар, оның құрамына тәжірибелі ғалымдар, шығармашыл жастар мен бес ұлт өкілі - қазақ, орыс, қырғыз, украин, беларустар кірді.  Командада кәсіби журналистер, режиссерлер, операторлар, дикторлар болмаса да, жаңа нәрсе жасауға деген құлшыныс зор. Бейне дәрістер қазақ және орыс тілдерінде дайындалады, әрқайсысы 20-30 минуттан тұрады. Сонымен қатар олар CD-ге жазылып, презентация түрінде басылып шығарылды.

Тұсаукесерде қазақстандық сарапшылар, практиктер, этномәдени қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ шетелдік қонақтар ұсыныс-тілектерін білдірді. Джавахарлал Неру атындағы Үндістан университетінің профессоры Пунит Гаур өз тәжірибесін бөлісіп, әрі қарайғы бірлескен жұмысқа тілектестік білдірді. Ол дәрістерді ағылшын тіліне аударуды ұсынды.

Онлайн-презентацияға 100-ден астам белсенді қолданушы қатысты, олардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ҰЭК мүшелері, ҚХА, Достық үйлері бөлімдерінің басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Қатысушылар осындай тиімді жұмыс форматын жалғастыруға тілек білдірді. Барлық дәрістерді Алматы облыстық орыс этномәдени орталығының YouTube арнасы арқылы көруге болады.