Қазақстан келесі жылы өзбектің Ravon маркалы автокөлігін өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазір «Узавтосаноат» компаниясы Қазақстандық серіктесі «Сарыарқа автопром» кәсіпорнымен бірігіп, мыңнан астам көлікті құрастырып та қойған.
«Автокөліктерге сұраныс жоғары. Сондықтан өнім санын ұлғайтып, жаңа үлгілерін де қосамыз. Келесі жылы жеті мың Ravon көлігін шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Өтембаев.
Бірақ ол қанша түрін шығаратындығын айтқан жоқ.
Өзбекстанда GM Uzbekistan кәсіпорны жеңіл автокөліктерді, негізінен, Әндіжан облысында шығарады. Бұдан басқа оның филиалы Хорезм және Ташкентте де бар. Жыл сайын кәсіпорын 250 мыңнан астам көлік құрастырады.
Қазіргі таңда GM Uzbekistan автокөліктің он маркасын: Nexia, Cobalt, Gentra и Malibu, Matiz и Spark, Captiva, Orlando, Damas, Labo өндіреді. Республика ішінде отандық өндірушінің жеңіл автокөліктері Chevrolet брендімен танымал. Ал GM Uzbekistan өнімі экпортқа Ravon сауда белгісімен шығады.