05 там, 2020 сағат 14:55

Қазақстан Каспий теңізіндегі флотын күшейтеді

Каспий теңізінде қазақстандық флоттың қатысуы 42 пайызға дейін жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 паром және 4 құрғақ жүк тасығыш сатып алу көзделіп отыр. Бұл жүк тасымалы көлемін одан әрі ұлғайтуға, сондай-ақ Каспий теңізінде қазақстандық флоттың қатысуын 42 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, апаттылықты 10,3 пайызға дейін төмендету және шлюздердің өткізу қабілетін жылына 4000 кемеге дейін жеткізу мақсатында кеме қатынасы шлюздеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл аталған мақсаттарға темірбетон құрылымдарына және көтергіш жабдықтарға жөндеу жүргізу үшін 1,9 млрд теңге бөлінді.

«Осы жылдың 6 айында 1,2 млрд теңге немесе жылдық қаржыландыру көлемінің 65 пайызы игерілді», - деді Сайранбек Бармақов.