28 сәу, 2021 сағат 13:48

Қазақстан электрондық үкімет жүйесін дамытуда ТМД елдері арасында 1-орында


Қазақстан «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша ТМД елдері арасында 1 орында. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29 - орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді», - деп жазды Анар Жаилғанова. 

Сонымен қатар агенттік басшысы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4 пайызы (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.