21 там, 2019 сағат 14:57

Қазақстан ел аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салды

Ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін шығаруға 18 тамыздан бастап тыйым салынды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін,а атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407 әкетуге 2019 жылғы 18 тамыздан бастап алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді. Бұған қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығы шығарылды», - делінген Комитет хабарламасында.