07 шіл, 2020 сағат 08:25

Қазақстан аумағына дәрі-дәрмекті әкелу тәртібі жеделдетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу процедурасы жеделдетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергіні еңсердік. Қысқа уақыттың ішінде керекті препараттар нарыққа түседі», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысы күшейтілгенін мәлім етті.