10 ақп, 2021 сағат 19:54

Қазақстан 5 мемлекетпен арадағы әуе рейстерін көбейтеді

Қазақстанның авиация комитеті қандай тұрақты халықаралық рейстер ұлғаятынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

 Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 9 ақпандағы шешіміне сәйкес мына елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін ұлғайтуға/жаңғыртуға рұқсат етілді: 

Ресей - 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін): 

- Нұр-Сұлтан - Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін; 

- Алматы - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін; 

- Шымкент - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау; 

- Ақтау - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау. 

Мальдив аралдары - 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін): 

- Алматы - Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін; 

Қырғызстан - 1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін): 

- Алматы - Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін; 

Өзбекстан – 1 рейске (әр тараптан аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін): 

- Нұр-Сұлтан - Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін; 

Украина - 1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін): 

- Нұр-Сұлтан - Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.