#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Қазақстан 2020 жылғы «Junior Eurovision» байқауына қатысады

  • 29.06.2020
  • 0
  • 173

Қазақстан биылғы 29 қарашада Польшада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауына қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанды байқауға үшінші мәрте қатыстыру туралы шешім Еуропалық хабар тарату одағында өткен жасырын дауыс беруден кейін қабылданған. 

«Қазақстанның сайысқа қатысуға мүмкіндік алуы еліміздің ең ірі медиа холдингі саналатын «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуының арқасында мүмкін болды», - деді «Хабар» арнасынан. 

Еске салайық, 2018 жылы Данелия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен сайыста алтыншы орынды алған болатын. Өткен жылы «Арманыңнан қалма» әнін орындаған Ержан Максим екінші орынға (қазылар алқасының шешімімен – бірінші) қол жеткізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар